Ақтөбеде жылқыларды іздейміз деп жоғалған ер адамдар Қызылорда облысынан табылды

10 Қыркүйек 2018, 17:44
0
Ақтөбеде жылқыларды іздейміз деп жоғалған ер адамдар Қызылорда облысынан табылды -

Ақтөбе облысында жылқыларды іздейміз деп жоғалып кеткен ер адамдар табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полициядағылардың айтуынша, ер адамдарды іздестіруге арнайы топ құрылған. Іздестіру тобының құрамында Қарағанды және Қызылорда облыстық ІІД өкілдері, Ырғыз ауданыдқ ІІБ қызметкерлері болған.

"Ер адамдар Қызылорда облысы Арал ауданынан табылды. Барлығы аман-есен. Іздестіру жұмыстарына "ҚазАвиаҚұтқару" тікұшағы жұмылдырылды", - деп хабарлады полицейлер.

Еске сала кетейік, мұның алдында Ақтөбе облысында алты адамның жылқыларды іздейміз деп жоғалып кеткені жайлы хабарланған болатын. Туыстары полицияға арыз жазып, әлеуметтік желіде іздеу жариялаған еді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай