28 ақпан 2024 | 11:11

Ақтөбеде қансырап жатқан қызға сенбеген ТЖД қызметкеріне сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Ақтөбеде шұғыл көмекке мұқтаж қыздың өтінішіне дер кезінде құлақ аспаған ТЖД қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбеде шұғыл көмекке мұқтаж қыздың өтінішіне дер кезінде құлақ аспаған ТЖД қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдай қызметінің қызметкері қансыраған қызға үшінші рет хабарласқанда ғана сеніп, оқиға орнына жедел жәрдем шақырғаны үшін айыпталып отыр. 2023 жылғы наурызда үйлердің бірінде ауыр қылмыс болып, әйел мен жасөспірім қаза тапты. Жәбірленушінің 13 жасар қызы аман қалды.

Сот айыпталушыға алты ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ, сот сотталушыдан моральдық шығын ретінде бір миллион теңге өндіру туралы шешім шығарды.

Бұған дейін сотталушы сотта соңғы сөзін сөйлегені хабарланған болатын.

"Баланың ойыны деп ойладым, менімен ойнап отыр деп. Сосын: "Бала, ойнама!" дедім, ол: "Мен ұл емеспін, мен қызбын" деді. Сот мырза, мені ақтауыңызды сұраймын, болашақта өртсөндіруші боламын деген арманымды бұзбаңыз", - деді сотталушы өз ұстанымын айтқанда.

Еске салайық, жантүршігерлік қылмыс 29 наурызға қараған түні Победа даңғылындағы №30 үйде болған. Сол кезде Екатерина Гетина мен оның 16 жастағы ұлы Вадим адам қолынан қаза тапты. Онда тек Екатеринаның 13 жастағы қызы София ғана аман қалды. Қылмыскер қызды ауыр жаралап, оны өлді деп ойлап, қылмыс орнынан қашып кеткен.

Сәуірдің аяғында ұсталған адам тергеу изоляторында асылып өлді, ол қалдырған хатында кісі өлтіруге қатысы бар адамның аты-жөнін айтқан. Марқұмның туыстары оның кінәсіздігін дәлелдемекші, сондықтан іс сотқа дейін жеткен.

Жақында 13 жастағы София сотта куәлік берді. Ол сотта таңғалдыратын мәліметтерді айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети