20 сәуір 2023 10:47

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтерге кезекке тұрғандар шу шығарды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алмақ болғандар шу шығарды. Өйткені "Бақытты отбасы" бағдарламасына іліккендерге арналған үйді әкімдік өзге біреулерге беріп жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алмақ болғандар шу шығарды. Өйткені "Бақытты отбасы" бағдарламасына іліккендерге арналған үйді әкімдік өзге біреулерге беріп жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, былтыр "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша байқаудан 344 отбасы өткен. Олардың барлығы мүгедек бала бағып отырған және көпбалалы аналар. Әзірге құрылысы біткен үйлерден оларға 144 пәтер бөлініпті. Бірақ соның 48 пәтерін әкімдік басқаларға беріп жіберген.

"Қазіргі таңда өтіп отырған 344 анамыз, бізге айтқан есебі бойынша. Бірақ мына 36, 37, 22-үйді қосқанда бар болғаны 142 пәтер, оның өзінде 48 пәтерді апатты деді төтеншеліктер. Мен өз көзіммен көріп, кілтті тапсырып жатқанын видеоға түсірдіп қайттым. Бізге нақты жауабын берсін! Қашан конкурс ойнатады? Неше пәтер беріледі? Қанша адам өтеді? Өтпей қалғандар не істейді?", - дейді Ақтөбе тұрғыны Жанар Нәрікбаева.

Ал шенеуніктер былтыр "Бақытты отбасы" бағдарламасының шарты өзгергенін алға тартады. Бұрын ескі үйден де пәтер алуға рұқсат бар болса, енді мемлекеттік бағдарламамен тек жаңа үйден ғана пәтер беріледі екен. Онымен қоса, байқаудың екінші іріктеу кезеңі бітпеген. 344 отбасының табысын әлі банк тексеруі қажет дейді әкімдіктегілер.

"Қазір ең бастысы - адам өмірі мен денсаулығы. Түсінесіз бе? Бізде басқа қалаларда қирауға қатысты әңгімелер болды. Жақында Жаңаөзенде жарылыс болды. Сондықтан мұндай күйреудің алдын алуымыз керек", - деді Ақтөбе қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Жандос Әлімов.

Әкімдік "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысушылар пәтерлерін осы жазға дейін алады деп уәде берген. Бұл ретте құлап жатқан көпқабатты үйлердің тұрғындары да бұл жағдайға наразы. Олар апатты үйге қайта оралғысы келмей, баспана мәселесінің де түпкілікті шешілуін талап етіп отыр.

21 сәуірде сарапшылар төрт қабатты үйлерде тұру қаншалықты қауіпті екенін шешеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети