20 шілде 2016 08:46

Ақтөбеде терактіні біле тұра хабарламаған тағы үш адам қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде 5 маусымда болған терактіні біле тұра хабарламаған тағы үш адам қамауға алынды, - деп хабарлайды "Диапазон" басылымы. Олар радикал ағымының ұстанушысы болған. Сонымен қатар, олардың ДАИШ-тың жолдаған үндеуін үнтаспадан Дмитрий Таңатаровпен және басқа радикалдармен бірге тыңдағаны белгілі болып отыр.

Қамауға алынған үш адам ер адамдар әскери бөлімге және қару-жарақ дүкендеріне шабуыл жасамапты, алайда олар радикалдардың жоспарын полицияға хабарламаған. Олар дайындалып жатқан теракт жайлы біле тұра жасырып қалу бойынша соталады екен.

Ұсталғандардың бірі 41 жастағы Рустан Гацев Акраб ауылының тұрғыны, уақытша жұмыссыз, екі бала асырап отыр. Гацев бостандыққа жіберуін өтініп, қылмысқа ешқандай қатысы жоқ екенін айтқан. Тағы бір адам 42 жастағы ақтөбелік Әкімжан Құсымов болып шықты. Қамауға алынған үшінші адам жайлы айтылмайды.

Еске салайық, 5 маусымда Ақтөбеде лаңкестер тобы қару-жарақ дүкендеріне және әскери бөлімге шабуыл жасаған болатын. Қалада антитеррористік операция режимі белгіленді. Лаңкестердің шабуылының салдарынан жеті ажам қаза тапты, олардың үшеуі әскерилер. 18 лаңкестің көзі жойылды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети