11 ақпан 2022 09:47

Ақтөбеде үлескерлер құрылыс компаниясының директоры қайтыс болғаннан кейін не істерін білмей дал

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбедегі тұрғын үй құрылысы құрылыс компаниясының директоры қайтыс болуына байланысты жарты жылдан бері тоқтап тұр. Ақтөбелік үлескерлер баспанасыз қалуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astana TV арнасына сілтеме жасап.


Ақтөбедегі тұрғын үй құрылысы құрылыс компаниясының директоры қайтыс болуына байланысты жарты жылдан бері тоқтап тұр. Ақтөбелік үлескерлер баспанасыз қалуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astana TV арнасына сілтеме жасап.

Халық үмітсіз, тіпті көпшілігі қолындағы соңғы ақшасын берген. Жоба бойынша 80 пәтерлік тоғыз қабатты үй салынуы керек еді. Ол 2020 жылы сатыла бастады. Үлескерлер "Эксклюзив" деген атау қойылған кешенге жер қазу жұмыстары басталғанда, инвестиция салған. Жаңа ғимарат 2021 жылдың аяғында тапсырылуы керек еді.

"Қарапайым талабымыз бар, пәтерлерімізді алғымыз келеді. Келіскен, көрсетілген соманы түгел төледік. Адамдарда күмән пайда болды", - дейді Ақтөбе тұрғыны Ерлан Жантекенов.

Қазір үй төртінші қабатқа дейін ғана біткен. Мадина Жаналина үшінші қабаттан пәтер сатып алды. Оның айтуынша, көпшілікті пәтер бағасы қызықтырған, өйткені басқаларға қарағанда арзан. Үш бөлмелі пәтер шамамен 12 миллион теңге тұрса, екі бөлмелі пәтер 9 миллионға бағаланған.

"9 миллион төледім. Енді үй аяқталмай қалуы мүмкін деп қорқып отырмыз. Үлескерлер саны көп, ақша да салдық. Салынға ақша қайда кетті, құрылыс жалғаса ма, оны ешкім білмейді", - деді Мадина Жаналина.

Құрылыс мұра мәселелеріне байланысты тоқтатылғаны белгілі болды. Құрылыс компаниясының директоры былтыр жазда қайтыс болған. Жарты жыл бойы құжаттар қайта рәсімделген. Жаңа басшылық жұмысқа жақында кірісіпті. Құрылыс жұмыстары жаңартылғаны айтылды. Бірақ материалдарға байланысты мәселе туындаған.

"Құрылысты аяқтау үшін маған 1 жыл 1 ай қажет. Қазір мәселе құрылыс материалдарына байланысты туындап отыр. Жеткізу баяу жүріп жатыр. Кірпіш қажет. Барлық қажет материал болса, биыл ертерек аяқтаймын", - деді құрылыс компаниясының өкілі Ержан Нұрбосынов.

Материал жетіспеуіне байланысты құрылыс алаңында тек бір бригада жұмыс істейді. Нысанға күніне бір ғана кірпіш машинасы келеді. Бірақ жаңа директор тасымалдау мәселесіндегі үзілістерге және материал қымбаттағанына қарамастан, пәтер бағасы өзгеріссіз қалатынына сендірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети