09 маусым 2016 15:59

Ақтөбеде іздеуде жүрген лаңкестің бауыры одан полицияға берілуін сұрап, видеоүндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде шабуыл жасаған лаңкестің бауыры одан полицияға берілуін сұрап, видеоүндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл Ақтөбеде іздеуде жүрген алты лаңкестің бірі Дмитрий Таңатаровқа арналған видеоүндеу. 


Ақтөбеде шабуыл жасаған лаңкестің бауыры одан полицияға берілуін сұрап, видеоүндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл Ақтөбеде іздеуде жүрген алты лаңкестің бірі Дмитрий Таңатаровқа арналған видеоүндеу. 

Видеоны "Одноклассники" әлеуметтік желісінде іздеуде жүрген лаңкестің бауыры Владимир Таңатаров жүктеді.

"Дима, барлығы сені уайымдап жатыр. Таня әпкең уайымдап жатыр, жүрегі ауырып жатыр. Барлығымыз сені жақсы көреміз. Сені ренжіткен болсақ, кешірші бізді. Саған әрқашан жақсылық пен бақыт тіледік. (...) Сен үшін көп адам құдайдан медет сұрап отыр. Өтінемін, өз ісіңе өкініп, берілші. Қарудан бас тарт, таста. Жаныңдағылардың барлығынан қаруды тастауын сұрашы. Беріліңдер", - дейді Владимир Таңатаров видеода. 

Еске салайық, биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді. Шабуыл жасаған 13 адам өлтірілді, тағы төртеуі жараланды, енді алты адам іздеуде жүр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети