08 қаңтар 2023 15:46

Ақтөбедегі көпқабатты үйлерге жылу берілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе әкімдігі қаладағы көпқабатты үйлерге жылу берілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе әкімдігі қаладағы көпқабатты үйлерге жылу берілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, 2023 жыл 7 қаңтарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындап, Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылы мен М.Оспанов көшесінде орналасқан бірқатар көппәтерлі тұрғын үйлерде уақытша шектеулер енгізілген болатын.

"Қабылданған жедел тиісті шаралардан кейін барлық үйлерге жылу толық көлемде берілді.

Жылу, электр, сумен жабдықтау және газбен жабдықтау сияқты негізгі көздер, сонымен бірге Ақтөбенің жылу желілері штаттық режімде жұмыс істеуде және жағдай жергілікті мемлекеттік органдарының тұрақты бақылауында болады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети