01 тамыз 2018 | 09:32

Ақтөбедегі тележүргізушінің өлімі: Механик пен ЖШС директоры сот алдына келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айзат Әбдісамат. © instagram.com Айзат Әбдісамат. © instagram.com

Ақтөбедегі № 2 сотта тележүргізуші Айзат Әбдісаматтың өлімі бойынша алдын ала сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбедегі № 2 сотта тележүргізуші Айзат Әбдісаматтың өлімі бойынша алдын ала сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осы қылмыстық іс бойынша сот алдына "Жанабек Сервис" ЖШС негізін қалаушысы әрі директоры Кенен Жанабеков пен механик Жарылқасын Ақжанов (лифтіде жөндеу жұмыстарын жүргізген) келді. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабының 3-бөлігі бойынша ("Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету") қылмыстық ереже бұзушылық жасады деп айыпталып отыр.

Сот судья Ербол Әбдіқалықовтың төрағалығымен өтті. Басты сот отырысы енді 13 тамызда өтеді.

Өз кезегінде "Жанабек Сервис" ЖШС директоры Кенен Жанабеков журналистерге еш кінәсі жоқ екенін айтады. 

"Менің бұл жағдайда кінәм жоқ. Лифтпен айналысатын адамды жалдадық. Механиктің тәжірибесі бар. Бірақ жөндеу жұмыстарынан кейін бір ақаулар шығып қалған", - деді ЖШС директоры Кенен Жанабеков.

Еске сала кетейік, 4 сәуірде Ақтөбеде лифтке кірмек болған әйел адамның аяғы жұлынып кеткені хабарланған еді. Оқиға 4 сәуірде 12-ықшамаудандағы №19 үйде болған. Әйелдің лифтке 3 жастағы баламен кіргені айтылады. Дәрігерлердің айтуынша, ол лифт кабинасына толықтай кіріп үлгермеген. Әйел кірер кезде лифт есігі жабылып, бірден жүріп кеткен.

Сондай-ақ, осыған дейін лифтте қаза тапқан әйелдің жолдасы оқиғаның қалай болғанын айтып берген еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети