07 шілде 2016 08:59

Ақтөбедегі теракт: Тепловоз машинисі өлтіруге оқталған, бірақ кейін райынан қайтқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде сот қала тұрғыны Серік Арыстановты ұйымдастырылайын деп жатқан теракт туралы білсе де, бұл туралы хабарламағаны үшін екі айға қамауға алды, - деп хабарлайды "Эврика" газеті. 


Ақтөбеде сот қала тұрғыны Серік Арыстановты ұйымдастырылайын деп жатқан теракт туралы білсе де, бұл туралы хабарламағаны үшін екі айға қамауға алды, - деп хабарлайды "Эврика" газеті. 

Қылмыстық істің материалдарына сілтеме жасаған басылымның мәліметінше, теракт болған күні (2016 жылдың 5 маусымында - Авт.) Арыстанов 45 радикалдың ігінде болған, олар Есет батыр көшесіндегі жалдамалы пәтерге барған. Сол үйде ДАИШ-тың мүшесі "Шейх Аднанидің" жазбаларын тыңдағаннан кейін 25 адам "қарулы жиһад" жасауға келісім береді. Олардың ішінде Арыстанов та болған.  

"Пәтерден шыққаннан кейін Дмитрий Таңатаров (терактіге белсенді қатысушылардың бірі - Авт.) "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуылдың жоспарын айтқан және әркімге тиісті рольдерді белгілеп берген. Осыдан кейін Таңатаров бастаған топ "Паллада" дүкеніне қарай кеткен. Арыстанов солармен бірге болған, алайда қару-жарақ дүкеніне кіреберісте ол райынан қайтып, қылмыс жасаудан бас тартқан. Осылайша, ақтөбелік тәртіп сақшыларының айтуынша, Арыстан қылмыстық жауапкершілік арқалайтынын біліп, терроризм актісі туралы алдын ала білсе де, бұл қылмыс туралы құқық қорғау органдарына хабар бермеген", - деп жазады басылым. 


Лаңкестер осы үйден топ болып "Паллада" қару-жарақ дүкеніне аттанған.

Арыстановқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 434-бабы бойынша ("Қылмыс туралы хабарламау") қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша алты мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

"Диапазон" газетінің мәліметінше, Серік Арыстанов 28 жаста. Ол тепловоз машинисі болып жұмыс істеген. Ер адам 29 тамызға дейін қамауда болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети