Ақтөбелік тележүргізушінің өлімі үшін сотталғандардың бірі бостандыққа шықты 28 желтоқсан 2018, 09:27

Ақтөбеде 28 жастағы тележүргізушінің өлімінің кейін сотталған лифтер екі айдан соң бостандыққа шығып отыр. Жарылқасын Ақжанов бастапқыда төрт жылға сотталған болатын, бірақ апелляциядан кейін оның жазасы шартты түрдегі жазаға ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК теларнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның мәліметінше, жоғарғы инстанциядағы сот сотталушының денсаулығын ескерген: ер адам жүрегіне ота жасағаннан кейін қамауға алынған. Сондай-ақ, Ақжанов зардап шеккен тарапқа толықтай моральдық өтемақы төлеген - 2 миллион теңге.
Сот алдына "Жанабек Сервис" ЖШС негізін қалаушысы әрі директоры Кенен Жаңабеков пен осы компанияның механигі Жарылқасын Ақжанов келген болатын. Сот үкіміне сәйкес, Жанабеков шартты түрде 4 жылға сотталды. Ал механик Ақжанов 4 жылға сотталған еді.
Осы іс бойынша сот отырысы тамызда басталған еді.
Еске салайық, биыл 4 сәуірде Ақтөбеде лифтке кірмек болған әйел адамның аяғы жұлынып кеткені хабарланған еді. Оқиға 4 сәуірде 12-ықшамаудандағы №19 үйде болған. Әйелдің лифтке 3 жастағы баламен кіргені айтылады. Дәрігерлердің айтуынша, ол лифт кабинасына толықтай кіріп үлгермеген. Әйел кірер кезде лифт есігі жабылып, бірден жүріп кеткен.