12 сәуір 2021 09:46

Ақтөбеліктер коронавирустың жаңа штамына байланысты қашықтан оқуды сұрап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе тұрғындары барлық студент пен оқушыны қашықтан оқуға көшіруді сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Актобе Таймс" басылымына сілтеме жасап.


Ақтөбе тұрғындары барлық студент пен оқушыны қашықтан оқуға көшіруді сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Актобе Таймс" басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы аумағына "ұлыбританиялық" штамм келгені және өңірде коронавирус жұқтыру дерегі көбейгені туралы хабар шыққаннан кейін, тұрғындар санитария дәрігеріне өтініш жіберген.

Тұрғындардың айтуынша, оқушылар бір партада екі адамнан отырады. 

"Неге аудандардағы балалар онлайн оқымайды? Онда оқушылар көп, ешкім арақашықтықты сақтамайды. Кішкентай балаларға қалай немқұрайды қарауға болады?", - деді онлайн-брифинг кезінде ата-ана.

Ақтөбе облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева Қазақстанның бас санитария дәрігерінің қаулысына сәйкес 300-ге жуық оқушысы бар мектептер дәстүрлі форматта білім алуына болады, деп жауап берді.

"Қандай мектепте, қай ауданда санитария талаптары орындалмайтынын нақтылаңыз. Ол жерге өз мамандарымызды жібереміз. Онлайн оқыту немесе мектептен оқыту болсын, барлық жерде санитария талаптары күшейтілуі тиіс", - деді Беркімбаева.

Департамент басшысы 31 наурыздағы қаулыны орындау қажеттігін еске салды. Оған сәйкес ұйымдарда жұмыс істейтіндердің 80 пайызын онлайн-режимге жіберу ұсынылады.

"Өңірде блокбекет орнатудың қажеті жоқ", - деп қосты Беркімбаева.

Айта кетейік, соңғы тәулікте Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырған 202 жағдай тіркелді, өңірде барлығы 6604 дерек тіркелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети