12 қаңтар 2022 09:37

Ақтоты Райымқұлова 2,5 жыл ішіндегі жұмысын қорытындылады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтоты Райымқұлова. Фото: mks.gov.kz Ақтоты Райымқұлова. Фото: mks.gov.kz

Ақтоты Райымқұлова мәдениет және спорт министрі лауазымындағы 2,5 жыл ішіндегі жұмысы туралы қысқаша қорытынды жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтоты Райымқұлова мәдениет және спорт министрі лауазымындағы 2,5 жыл ішіндегі жұмысы туралы қысқаша қорытынды жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті достар, әріптестер! Мәдениет және спорт министрі лауазымындағы қызығы мен шыжығы қатар 2,5 жыл көзді ашып жұмғанша, қас-қағым сәтте өте шықты. Осы уақыт аралығында жүктелген міндеттерді адал әрі лайықты деңгейде атқара алдық деп айта аламын.

Отандық мәдениет, спорт, мұрағат және туризм салаларын ілгерілету жолында ел сенімін ақтау үшін бар күш-жігерін, уақытын аямай адал қызмет еткен барша әріптестеріме кәсіби шеберліктері мен бірлесіп атқарған жұмыстары, көрсеткен қолдаулары үшін шын жүректен алғыс білдіремін.

Алдағы уақытта іргелі еліміз қай салада да биіктен көрініп, көркейіп, дами берсін! Лайым аспанымыз ашық, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!" - деп жазды Ақтоты Райымқұлова Instagram-да.                      

Еске салайық, 11 қаңтардан бастап Дәурен Абаев мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды.

Бұған дейін Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанның энергетика министрі қызметінен босатылғаннан кейін Желіде жазба жариялап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтқаны хабарланды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети