Актрисаның өлімі: Алматыда Ілияс Кардың соты басталды

Дина Муратова
Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Актрисаның өлімі: Алматыда Ілияс Кардың соты басталды Сотталушы Илияс Кар. © Шоқан Алхабаев

Алматыда Ілияс Кардың соты басталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі сот отырысынан.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Ілияс Кардың соты басталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі сот отырысынан.

Сотталушы жол жүрісі ережесін бұзды мен абайсызда үш адамның қаза болуына себепші болды және апат орнынан кетіп қалды деп айыпталып жатыр. (ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі және 347-бабы).

Еске салайық, жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы өткен жылдың 29 желтоқсанында болға еді. Алматыдағы Сейфуллин мен Абай даңғылдарының қиылысында Mercedes Gelandewagen автомобилі Mitsubishi Galant көлігін соққан. Соққы салдарынан жеңіл көлік жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, бордюрге тірелген. Кейінірек оқиғаның видеосы жарияланды.

Жол апаты салдарынан Mitsubishi Galant жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапты. Қайтыс болғандардың бірі - актриса Шолпан Елгезекова. Тағы бір актриса Айзада Сатыбалдиева ауыр халде жансақтау бөліміне түскен. 3 ақпанда ол ауруханадан шығарылды.

Уақыт өте марқұмдардың бірінің туысы Айдана Шаяхметова сараптама қорытындысы бойынша Gelandewagen жүргізушісі Ильяс Кардың ішімдік ішкені расталмай отырғанын мәлімдеген. Сондай-ақ, құжаттарға сәйкес, ол полицияға өзі келген делінген.

Алайда полиция бұл мәліметтерді жоққа шығарды - тергеу мәліметінше, жол апаты болған жерден Ильяс Кар мас күйде жаяу кеткен. Ол бір тәуліктен кейін ұсталған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети