03 ақпан 2019 17:35

Актриса қаза тапқан жол апаты: Аман қалған жолаушы ауруханадан шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы орталығында жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен актриса Айзада Сатыбалдиеваның денсаулығы жақсарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы орталығында жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен актриса Айзада Сатыбалдиеваның денсаулығы жақсарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жұмада Айзада Сатыбалдиева ауруханадан шығарылды, ол амбулаторлық ем қабылдайды", - деді Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. 

Еске салайық, 29 желтоқсанда жол-көлік оқиғасы болды. Сейфуллин мен Абай даңғылдарының бойында Mercedes Gelandewagen автомобилі Mitsubishi Galant көлігіне соқтығысты. Соққы салдарынан жеңіл автокөлік жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, бордюрге тірелген. Кейінірек оқиғаның видеосы жарияланды. 

Жол апаты салдарынан Mitsubishi Galant жүргізушісі мен екі жолаушы қаза тапты. Қайтыс болғандардың бірі - Шолпан Елгезекова. Айзада Сатыбалдиева ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілген еді. 

Уақыт өте қайтыс болғандардың туыстары осы оқиғаға қатысты жаңа мәліметтерді жариялады, онда істің сотқа түскені және сараптама қорытындысы бойынша Gelandewagen жүргізушісі Ильяс Кардың ішімдік ішкенін растамаған. Сондай-ақ, құжаттарға сәйкес, ол полицияға өзі келген. 

Алайда полиция бұл мәліметтерді жоққа шығарды - тергеу мәліметінше, жол апаты болған жерден Ильяс Кар мас күйде жаяу қашқан. Ол бір тәуліктен кейін ұсталған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети