01 ақпан 2019 15:58

Алматыда актриса қаза тапқан жол апатына қатысты жаңа дерек шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматыда актриса қаза тапқан жол апатына қатысты жаңа дерек шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қаза тапқандардың бірінің әпкесі айтып берді.


Алматыда актриса қаза тапқан жол апатына қатысты жаңа дерек шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қаза тапқандардың бірінің әпкесі айтып берді.

Жол апатынан қаза тапқан Динара Хамитованың әпкесі Айдана Шаяхметова таяуда зардап шеккен тарапқа сотқа жолданған материалдардың көшірмесі берілгенін айтады. Алайда кейбір пунктер оның наразылығын тудырып отыр.

Айта кетейік, осы іс бойынша сот алдында 34 жастағы Ілияс Кар жауап беріп жатыр.

"Сараптама жүргізушінің қанында алкогольдің болғанын растамады. Қан 2018 жылдың 30 желтоқсанында алынған, бірақ зертханаға 2019 жылдың 4 қаңтарында ғана жолданған. Ал сараптама нәтижесі 11 қаңтарда шыққан. Яғни сараптаманы 10 күннен аса уақыт жүргізген. Сондай-ақ, наркологиялық сараптама алудың мүмкін болмағаны айтылады. Айтуларынша, зерттеу жүргізуге қан жеткілікті болмаған. Сонда тәжірибесі бар адам неге сонша аз қан алған және зертхана мамандары неліктен қанның аз екенін бірден айтпаған? Мұндай сараптаманы бірінші рет жүрігізіп отыр ма?", - дейді Айдана Шаяхметова.

Алайда мұның алдында полицейлер жүргізушінің мас болғанын растаған еді.

"Жүргізуші (Gelandewagen - автор.) қайғылы жағдай алдында Grand Opera түнгі клубында болып, ол жақтан мас күйде шыққан", - деген еді Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Ізбасар Бектұров. Мұны ол 11 қаңтарда растаған болатын.

Сондай-ақ, полицейлер бастапқыда жол апатынан кейін Gelandewagen жүргізушісінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын айтқан еді.

"Алайда, құжаттарға сәйкес, ол полицияға өзі барыпты. Бұл үкім шығарарда әсер етпей ме", -дейді Айдана Шаяхметова.

Алматы қалалық прокуратура өкілдерінің мәліметінше, Ілияс Кар жол ережесін бұзып, абайсызда үш адамның өліміне әкелген жол апатын жасап, жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалды деп айыпталып жатыр (ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі мен 347-бап).

Алайда, Шаяхметованың айтуынша, тергеуші іс-материалына Ілияс Кардың ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабына сәйкес ("Қауiптi жағдайда қалдыру" айыпты деп танылатынын қоспаған.

"Жоғарыда айтылғандардың барлығынан тергеу әділ емес жүріп жатыр деген ой келеді. Осыдан кейін істің "ерекше бақылауға" алынуы мәселесі қалай жүріп жатыр деген сұрақ туындамай ма?", - дейді Айдана Шаяхметова.

Актриса қаза тапқан жол апаты: Туыстары марқұм жүргізуші жайлы айтып берді

Еске салайық, 29 желтоқсанда болған бұл жол апатынан актриса Шолпан Елгезекова мен оның құрбысы Динара және жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапқан еді. Оқиға болған күннің ертесі жол-көлік оқиғасының бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеосы пайда болды. Видео кадрларына қарағанда, Mitsubishi Galant бағдаршамның жасыл түсі жанғанда Сейфуллин бойымен қозғалысты бастаған, осы сәтте Абайдың бойымен асқан жылдамдықпен келе жатқан Mercedes Gelandewagen оны соғып өткен. Жеңіл көлік соққыдан бірнеше метрге дейін ұшып кеткен. 

Mercedes Gelandewagen жүргізушісі оқиға болған жерден қашып кеткен. Алайда кеше, 30 желтоқсанда оны полицейлер ұстаған. Кейін оның мас болғаны анықталды. Артынша жүргізушінің екі айға қамалғаны хабарланды. Оқиға болған күннің ертесі жол-көлік оқиғасының бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеосы таралған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети