03 наурыз 2022 16:00

Ақын Аманжол Әлтай Парламент Мәжілісі депутаты болып сайланады

Аманжол Әлтай Аманжол Әлтай

Amanat партиясынан Парламент Мәжілісі депутатының бос мандатын партиялық тізім бойынша Аманжол Әлтайға беру туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Amanat партиясынан Парламент Мәжілісі депутатының бос мандатын партиялық тізім бойынша Аманжол Әлтайға беру туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Amanat партиясының жауапты хатшысы Асхат Оралов Instagram-парақшасында хабарлады. 

"Бүгін Саяси кеңес бюросының қаулысымен Amanat партиясынан Парламент Мәжілісі депутатының бос мандатын партиялық тізім бойынша Аманжол Әлтайға беру туралы шешім қабылданды. Аманжол Әлтайды көптен бері танимын. Тек елге танымал айтыскер ақын ғана емес, халық мүддесі үшін әркез салиқалы сөз түзіп жүрген азамат ретінде де жақсы білемін. Әрқашан елдің жанынан табылып, қиын кезде де партиямен бірге бола білген, ізін басып келе жатқан жастарға ісімен де, сөзімен де үлгі болып жүрген тұлға. Алда әлі талай мақсаттар тұр. Ортақ мүдде үшін нәтижелі жұмыс істейміз деп сенемін", - деп жазды Оралов. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Askhat Oralov (@askhat_oralov)

Тиісті шешім Орталық сайлау комиссиясына жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети