Ақын Темірхан Медетбек өмірден өтті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Темірхан Медетбек 80 жасында өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Темірхан Медетбек 80 жасында өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаралы хабарды әлеуметтік желіде оның әріптесі Қасымхан Бегманов жеткізді.

"Қазақ поэзиясына құбылыс болып келген, ұлттың асқақ рухты ұлы ақыны Темірхан Медетбек дүниеден өтті. Қаршадайымнан өлеңдерін оқып, қасына ерген асыл ағам, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті ақын Темірхан Медетбектің дүниеден озғанын қазір ғана Шолпан жеңгем маған ең бірінші хабарлады. Соңғы аптада Темірхан ағамыздың ауыр хәлде ауруханаға түсуіне байланысты отбасымен, дәрігерлермен Жазушылар одағының басшылары үнемі хабарласып тұрды. ...Аламанда алдына жан салмай шапқан дауылпаз ақынның дүниеден өтуіне орай бүкіл қазақ халқына, оның оқырмандарына қатты қайғырып, көңіл айтамын", - деп жазды ол.

Темірхан Медетбек - ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қоғам қайраткері. Алғашқы жыр жинағы "Жанымның жас құрағы" деген атпен 1970 жылы жарық көрді. Оннан аса өлең жинағы жарияланып, оқырман мен сыншылардың жоғары бағасын алды.

"Абай әлемі" (1995) және "Баба дәстүрдің мұрагері кім: туған әдебиет туралы ойлар" (2001) атты әдеби-сын еңбектері бар. "Көк түріктер сарыны" атты жинағы (2002), "Махамбет рухының монологы", "Күлтегін", "Тоныкөк" дастандары да бар. Ол украин, өзбек тілдерінен В.Гужва, Е.Вахидовтың өлеңдерін тәржімалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.57  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer