03 ақпан 2017 | 15:52

Ақышев: Мен "атын атап бер" деген сөзді естімедім

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Қазақстан Президентінің ренжіткендердің аты-жөнін айтуды сұрағанын естімедім деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Қазақстан Президентінің ренжіткендердің аты-жөнін айтуды сұрағанын естімедім деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасын жүз пайыз қолдайтынын айтқан еді. "Мұны акционерлер мен демеушілер жасайды, олар осы жерде отыр. Ешкімнен қорықпа, ешкімнен", - деді Назарбаев Ұлттық банк төрағасына.

Сондай-ақ, Назарбаев "Менің байқауымша, банк тәртіп орнатқан сайын, Ұлттық банк төрағасына шабуылдар да көбейіп кеткен" деген еді Ұлттық банк төрағасына.

Осылайша, үкімет отырысынан кейін Ақышев журналистердің басты назарында болды. "Сізге Мемлекет басшысы біреулер тиісіп, араласып жатса, "қорықпай, оның аты-жөнін маған айт" деді. Соған дайынсыз ба?", - деп сұрақ қойылды Ұлттық банк төрағасына.

"Біріншіден, маған ешкім "атың атап бер" деп айтқан жоқ. Cондықтан мен сіздердің не айтып жатқандарыңызды түсінбей тұрмын", - деді Ақышев.

Сондай-ақ, журналистер Ұлттық банк төрағасына басқа да мәселелер бойынша сұрақтар қойды.

"Ресейдегі рубльдің құнсыздануына байланысты біз қандай да бір шаралар қолданамыз ба?", - деп сұрады журналистер.

"Ең алдымен Ресейді күтейік. Ресейде осыған қатысты көп қауесет тарап жатыр, бағамның қалай болатынын сонда көре жатармыз", - деді Ақышев.

"Бүгін ұлттық валюта нығайды, теңгенің долларға қатысты бағамы 322 теңге болды", - деп сұрақ қойды журналистер.

"Мен шынымды айтсам, бұл мәліметті білмейді екенмін. Себебі, осы уақытқа дейін осында  (үкімет ғимаратында электрондық гаджеттерді қалдырып кету керек - автор.) болдым", - деп айтып өтті Ақышев.

Сонымен қатар, журналистер Ұлттық банк төрағасынан қай банктердің бірігетінін сұрады.

"Банктердің арасында жүргізілетін кез келген келіссөздер акционерлер мен салымшыларға өте маңызды мәселе. Заң жағынан алып қарасақ та, банктердің өзі мәлімет бермейінше, біздің банктердің бірігуіне қатысты пікір білдіруге құқымыз жоқ. Себебі, бұл мәселе салымшылардың құқығымен қоса, миноритарлық акционерлердің құқығына қатысты. Сондықтан банк акционерлері осыған байланысты мәлімет таратып, менеджер Ұлттық банкке келген жағдайда, біз ресми түрде пікір білдіреміз", - деді Ақышев.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев банктерді біріктіру туралы айтқан еді. "Банктер әлсіз. (...) Солай ма? Әлемдік дағдарыс болған кезде Exxon мен Mobil сияқты ірі компаниялар бірікті, Shell және British gas бірігіп жатыр... Біріксін. Акционерлер банктерін сақтап қалғысы келсе, ақшаларын қояды. Банктерді сақтаудың басқа жолы жоқ. Олар экономикаға қажетті емес, яғни, олардың жұмыс істеуге құқы жоқ (...), - деген еді Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети