Назарбаев банктерді біріктіру туралы сөз қозғады

03 Ақпан 2017, 12:36
0
Назарбаев банктерді біріктіру туралы сөз қозғады - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев банктерді біріктіру туралы айтты, -  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевқа қолдау білдіріп, екінші деңгейлі банктерді біріктіру жайын айтты. 

"Банктер әлсіз. (...) Солай ма? Әлемдік дағдарыс болған кезде Exxon мен Mobil сияқты ірі компаниялар бірікті, Shell және British gas бірігіп жатыр... Біріксін. Акционерлер банктерін сақтап қалғысы келсе, ақшаларын қояды. Банктерді сақтаудың басқа жолы жоқ. Олар экономикаға қажетті емес, яғни, олардың жұмыс істеуге құқы жоқ. Батыл жұмыс істе, ешкімнен қорықпа", - деді Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк басшысына. Бұған Данияр Ақышев "Құп болады!" деп жауап берген еді.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев "Егер біреу араласып, тиісіп жатса маған тегін айт" деген еді Ақышевқа.

Айта кетейік, үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Ұлттық банк басшысын қолдайтынын айтқан болатын. "Менің байқауымша, Ұлттық банк тәртіп орнатқан сайын, Ұлттық банк төрағасына шабуылдар да көбейіп кеткен", - деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай