Алдағы үш күннің ауа райына болжам жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы үш күннің ауа райына болжам жасалды ©Тengrinews.kz

Алдағы үш күнде республика бойынша ауа райы жылы әрі жауын-шашынсыз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер наурыздың 3-5 күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы үш күнде республика бойынша ауа райы жылы әрі жауын-шашынсыз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер наурыздың 3-5 күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті.

"Жерге жақын қабаттағы антициклон және тропосферадағы оңтүстік ағын республикамызда ерекше жылы ауа райының болуын қамтамасыз етеді. Алдағы үш күнде Қазақстанда климат нормасынан 5-10 градусқа жоғары ауа температурасы мен ала бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", - деп хабарлайды синоптиктер.

Еске салайық, бұған дейін метеорологтер еліміздің солтүстігінде көктем айрықша жылы күндермен басталады деп хабарлаған еді. "Қазақстан аумағына жайғасқан ауқымды антициклон жауын-шашынсыз, аз бұлтты ауа райын ұстап тұр, бұл ұзарған күннің жарық уақыты мен күн радиациясының ағымынан тек оңтүстікте ғана емес, республиканың барлық аумағында дерлік күндізгі температураның оң мәнге дейін көтерілуіне себеп болып отыр", - деп хабарлады "Қазгидромет" мамандары.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети