27 ақпан 2015 17:37

Көктем солтүстікте ерекше жылы күндермен басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Еліміздің солтүстігінде көктем айрықша жылы күндермен басталады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. 


Еліміздің солтүстігінде көктем айрықша жылы күндермен басталады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. 

"Қазақстан аумағына жайғасқан ауқымды антициклон жауын-шашынсыз, аз бұлтты ауа райын ұстап тұр, бұл ұзарған күннің жарық уақыты мен күн радиациясының ағымынан тек оңтүстікте ғана емес, республиканың барлық аумағында дерлік күндізгі температураның оң мәнге дейін көтерілуіне себеп болып отыр. Ал тропосферада сақталған ауа массасының Алдыңғы Азия аудандарынан оңтүстік-батысқа көшуі түнгі температураның едәуір төмендеуіне жол бермейді. Осылардың барлығы Қазақстандағы ауа температурасының климат нормасынан 3-12 градусқа көтеріліп, айрықша жоғары болуына әкеліп соқтырып отыр", - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер ақпан айының соңғы күндері де жылы болатынын хабарлаған еді. "Күнтізбеде қыс әлі біткен жоқ, ал көктем келіп қойды. Қазақстанда ақпан бойы нормадан тыс жылы ауа райы сақталып тұрды. Өткен тәуліктерде республикадағы ауа температурасы климат нормасынан 3-10 градусқа жоғары болды. Жақын арадағы үш тәулікте Қазақстандағы ауа райына антициклон әсер ететін болады, сондықтан көптеген облыстарда жауын-шашынсыз, түнгі және таңғы уақыттарда тұман болады", - делінген болатын мамандардың болжамында. 

Сонымен қатар, мұның алдында алдағы наурыз айының суық болатыны хабарланды. Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-шығыстан басқа өңірдің барлығында күн ашық болады. Көктемнің алғашқы күндерінде солтүстіктегі түнгі ауа температура 8-18 градусқа, күндіз 5 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстікте түнгі мезгілде 2-12 градус суық, күндіз 0-10 градус жылы болады. Сондай-ақ мамандар наурыздағы мереке күндері ауа райының қандай болатынын айтты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети