Синоптиктер елімізде 29 маусым мен 1 шілде күндері ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.
Синоптиктер елімізде 29 маусым мен 1 шілде күндері ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.
"Қазақстанның кейбір аудандарында алдағы үш тәулікте бұрынғысынша өткінші найзағайлы жаңбыр күтілуде, ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жуық болады деп болжануда. Тек республиканың оңтүстігінде ыстық болады, ең жоғарғы ауа температурасы +33...+38, кей жерлерде +40 градусқа дейін көтеріледі", - делінген хабарламада.