Синоптиктер 2016 жылдың 27-29 қазанына арналған болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 2016 жылдың 27-29 қазанына арналған болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Қазақстанның ауа райын анықтап отырған, ауқымды және суық антициклон, солтүстік-шығыс бағытында ақырындап Сібірге қарай жылжып барады. "Оның орнына Поволжьядан республиканың алдымен батыс, содан кейін солтүстік облыстарында жауын-шашын тудырып, шығысына қарай жеке циклон келе жатыр. Осы реттегі ауа температурасы нормаға жуық болады деп күтілуде", - деп болжайды синоптиктер. Ал оңтүстік облыстарға осы циклонмен байланысты жылы фронт ықпал етеді. Онымен бірге 28 және 29 қазанда ауа температурасы жоғарылап, кей жерде жаңбыр жауады.