Синоптиктер елімізде 27-29 маусым күндері ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.
Синоптиктер елімізде 27-29 маусым күндері ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.
"Ресейдің Еуропалық бөлігінен бірінен соң бірі жылжыған атмосфералық фронттар Қазақстанда тұрақсыз ауа райын ұстап тұратын болады. Сондықтан республиканың көптеген облысында кей жерлерде найзағайлы жаңбыр, бұршақ және күшті 15-25 м/с екпінді жел болады деп болжанады", - делінген хабарламада.
Синоптиктердің мәліметінше, ауа температурасы көпжылдық орташа мәндерге жуық және кей жерлерде жоғары болады деп болжанады.