Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

22 Қараша 2017, 12:16
0
Алдағы күндері ауа райы қандай болады? -

Синоптиктер 2017 жылдың 23-25 қараша аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Қазақстанның басым территориясына Сібір антициклоны жотасының әсері таралды. Осыған байланысты аз бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы, ауа температурасы 5-10 градусқа климаттық нормадан жоғары болып сақталуда, тек республикамыздың шығысы мен оңтүстігінде нормаға жақын", - делінген хабарламада. 

Алдағы үш тәулікте оңтүстік циклонның жылуы әсерінен, антициклон жотасы бұзыла бастайды. Циклонның атмосфералық фронттарының шығысқа жылжу барысында, басында батысқа, ал 25 қарашадан республиканың басқа да облыстарында жауын-шашын, кобінесе ылғалды қар түрінде, оңтүстігінде жаңбыр, кей жерлерде тұман, солтүстік облыстарда көктайғақ күтіледі.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай