1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алдағы күндері ауа райы қандай болады? 29 желтоқсан 2021, 13:52

Синоптиктер 30, 31 желтоқсан және 1 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Синоптиктер 30, 31 желтоқсан және 1 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметтері бойынша, Қара теңіз аудандарынан келетін антициклон Қазақстанның басым бөлігіне әсер етеді. Осыған байланысты еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығы мен шығысында 35 градусқа дейін аяз, жауын-шашынсыз ауа райы болады.

"30 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қар жауады, түнде солтүстік-шығыста қар жауып, боран болады. 31 желтоқсанда еліміздің батысында, 1 қаңтарда оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын жауады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, тұман түсіп, секундына 15-20 метрге дейін жел болуы мүмкін. Республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысындағы жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Алматы облысының Алакөл ауданындағы жел екпіні секундына 30 метрге дейін жетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram