Алдағы күндері ыстықтың беті қайтады

09 Шілде 2018, 12:36
0
Алдағы күндері ыстықтың беті қайтады -

Синоптиктер 10-12 шілде күндері ауа райы қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Мамандардың болжамына қарағанда, өткен демалыс күндері оңтүстік облыстарда ауа температурасы плюс 40…45°С өте ыстық ауа райы бақыланған.

"Алайда алдағы үш тәулікте атмосфералық фронттармен бірге Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінен салқын және дымқыл ауа келе бастайды. Сондықтан республика аумағының басым бөлігінде ыстықтың әлсіреуі күтіледі, солтүстік жартысында найзағайлы жаңбыр, жаңбыр жауған кезде күшті жел болжанады", - деп болжажы синоптиктер.

Ал оңтүстік облыстардың жеке аудандарында, бірақ таулы және тау бөктері аудандарында басымырақ, найзағайлы өткінші жаңбыр болуы мүмкін екені айтылады.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай