Алдағы күндерде Қазақстанның барлық дерлік аумағында қар жауады

19 Қаңтар 2015, 18:01
0
Алдағы күндерде Қазақстанның барлық дерлік аумағында қар жауады - ©st.gdefon.com
©st.gdefon.com

20-22 қаңтарда Қазақстанда қарлы ауа райы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктердің мәліметінше, республика аумағына таяу күндері Ресейдің арктикалық теңіздерінен суық ауа түсе бастайды.

Қазақстанда таяудағы үш күнде суық әрі желді ауа райы болатыны хабарланды. Секундына 23 метрге жететін жел соғады, ал елдің оңтүстігінде дымқыл қар түседі, тұман және көктайғақ болады. 22 қаңтарда көп жылдан бергі орташа ауа температурасы болады деп болжанып отыр. Ал елдің батысында қалыптыдан бес градусқа дейін төмен болады.   

Еске сала кетейік, Қазақстанда ерекше ауа райынан Алматыда 15 қаңтар күні таңғы уақытта ерекше табиғи құбылыс болды - қарлы найзағай. "Қарлы найзағай - өте сирек болатын құбылыс. Мұндай метеожағдайлар процесстердің өте жылдам болып жатқан кезінде болады, ауа температурасы 10 градусқа төмендейді. Алматыда бұл уақытта ауа ағымының бәсеңдейтін және күшейетін, конвективті бұлтты ауа райы байқалды. Жылы ауа мен суық ауаның қатынасынан электр байланысы болып, найзағайдың күркірі естіледі", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Еске сала кетейік, 2013-2014 жылдардағы қысқа қарағанда алдағы қыс салыстырмалы түрде суық болатыны хабарланды. 2015 жылдың қаңтарында елдің көп бөлігінде моңғол антициклонының үстемдігімен ызғарлы болып, қар аз түседі. Ал республиканың оңтүстік батысында ауа температурасы қалыптыға жақын, ал Маңғыстау облысында салыстырмалы түрде қарлы болады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай