29 сәуір 2019 12:53

Алдағы мереке күндері ауа райы қандай болады?

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© fonday.ru © fonday.ru

30 сәуір-2 мамыр аралығында ауа райы қандай болатыны мәлім болды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарлайды. 


30 сәуір-2 мамыр аралығында ауа райы қандай болатыны мәлім болды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мереке қарсаңында, 30 сәуірде Қазақстан Республикасының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын, солтүстік аймақтарда арты қарға ұласатын жаңбыр, бұршақ, екпінді жел болады. Күн қысқа мерзімге жылығанымен қайта суытады.

Батыста түнде ауа температурасы -2 +5 градус аралығында, күндіз +7+15 градус болады. 

Ал солтүстік-батыс жартысында түнде -5,+5 градус, күндіз +15+20 градустан +2+10 градусқа дейін төмендейді. 

Қалған аймақтарда найзағай ұрып, жаңбыр жауады, бірақ ауа райы +15+25 аралығында жылы күйде сақталады.

Батыс облыстарда 1-мамыр мерекесінде ауа райы жауын-шашынсыз, күндіз +10+20 градусқа дейін жылынады.

Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінің тұрғындары үшін ауа райы қолайлы емес, жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады, Қазақстанның шығысында екпінді желмен қатты жауын, түнгі және таңғы сағаттарда көктайғақ пен тұман болады. Түнде ауа температурасы -2-7, күндіз +3+11 градус болады.

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жауып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +2+10 градус шамасында, 3 градусқа дейін үсік болады, күндіз +12+20 градус болады. 

2 мамырдан бастап батыс аймақтарда ауа райы жауын-шашынсыз, шығыста кей жерлерде жауын-шашын сақаталады, ал оңтүстікте найзағай және екпінді желмен жаңбыр болады. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы күндіз +15+25 градус, солтүстігінде, орталығы мен шығысында +5+15 градус болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети