08 тамыз 2016 15:51

Алдағы үш күнде аптап күтіледі, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

2016 жылдың 9-11 тамыз аралығында ауа райы болжам бойынша аптап ыстық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына сілтеме жасап.


2016 жылдың 9-11 тамыз аралығында ауа райы болжам бойынша аптап ыстық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына сілтеме жасап.

"Қазақстанның ауа райына алдағы үш тәулікте негізінен антициклон әсер ететін болады. Бірақ батыста, солтүстікте жекелеген аудандарда оның шеті бойынша, 11 тамызда шығыста және оңтүстік-шығыста найзағаймен өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Бұл ретте 3-7 градус әдеттегіден жоғары температура мен ыстық ауа райы республиканың көптеген облыстарында сақталады. Батыста және оңтүстікте күндізгі температура 33-38, кей жерлерде 41 градусқа дейін көтерілетін болады, солтүстікте және орталықта жекелеген аудандарда максимальды температура 30-37 градусқа дейін көтеріледі", - делінген синоптиктердің хабарламасында.

Болжам бойынша, бірінші және екінші онкүндігінің бірінші жартысы жылы әрі жауын-шашынсыз болады. Ал, екінші және үшінші онкүндігінің соңында суық әрі ылғалды массалардың арқасында суық жаңбырлар болуы мүмкін, соған қарамастан солтүстікте, шығыста және орталық өңірлерде түнгі уақыттарда қатқақ болуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети