Алдағы үш күнде республика бойынша ауа райы жылы әрі жауын-шашынсыз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер наурыздың 3-5 күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті.

"Жерге жақын қабаттағы антициклон және тропосферадағы оңтүстік ағын республикамызда ерекше жылы ауа райының болуын қамтамасыз етеді. Алдағы үш күнде Қазақстанда климат нормасынан 5-10 градусқа жоғары ауа температурасы мен ала бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", - деп хабарлайды синоптиктер.
Еске салайық, бұған дейін метеорологтер еліміздің солтүстігінде көктем айрықша жылы күндермен басталады деп хабарлаған еді. "Қазақстан аумағына жайғасқан ауқымды антициклон жауын-шашынсыз, аз бұлтты ауа райын ұстап тұр, бұл ұзарған күннің жарық уақыты мен күн радиациясының ағымынан тек оңтүстікте ғана емес, республиканың барлық аумағында дерлік күндізгі температураның оң мәнге дейін көтерілуіне себеп болып отыр", - деп хабарлады "Қазгидромет" мамандары.