09 қазан 2023 17:58

Алдап 50 миллион теңге алған: Шымкент полициясы күдіктілердің суретін жариялады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:t.me/POLICE_of_KZ Фото:t.me/POLICE_of_KZ

Шымкент полициясы кибераферистерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкент полициясы кибераферистерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Олар қала тұрғындарын 50 миллион теңгеге алдаған Алматы, Ақтөбе, Тараз қаласының 31,36,37 жастағы тұрғындары шымкенттік 30 адамды алдап кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 50 миллион теңгеге жуық. Алиса Аманова, Элина Хамидова және Рамис Расимов есімді азаматтарға ағымдағы жылдың шілде айында ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен (бірнеше рет жасалған алаяқтық) халықаралық іздеу жарияланды.

Олар көлік сату сайтында орналасқан басқа біреудің хабарландыруын көшіріп алып, төмен бағада жарнамалаған. Қоңырау шалған клиентпен кездесу туралы келіскен. Келесі кезекте олар клиенттің атын жамылып, көлік иесіне телефон соғып, онымен де кездесуге келіскен", - делінген хабарламада.

Қаскүнемдер екі тарапқа да көлікті көруге және көрсетуге туысы келетінін, ақша жөніндегі мәселелерді онымен телефон арқылы шешу керектігін ескерткен. Осылайша олар нағыз сатушы мен сатып алушыны бетпе-бет жүздестірген соң, сатып алушыға қайта қоңырау шалып, ақшаны өз есепшоттарына аудартып алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети