09 қыркүйек 2022 11:28

Әлемдік нарықта доллардың нығаюы мүмкін - Ұлттық банк

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова қаржы нарығындағы жағдайды дамытудың одан әрі перспективалары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова қаржы нарығындағы жағдайды дамытудың одан әрі перспективалары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әлемдік валюта нарығында АҚШ ФРЖ басшысының Джексон-Хоулдағы симпозиумда сөйлеген сөзінен кейін доллардың позицияларын одан әрі нығайту мүмкіндігі бойынша күтулер қалыптасты. АҚШ реттеушісі ставкалардың өсу қарқынын төмендетудің қажеттілігін әлі көріп отырған жоқ. Бұл шешім АҚШ долларының жаһандық нығаюын жалғастырып, басқа ел валюталарына теріс әсер етуі мүмкін", - деп атап өтті Әлия Молдабекова.

Сондай-ақ, оның айтуынша, мұнай нарығына қатысты сарапшылардың пікірі екіге бөлінді.

"Кейбір экономистер, атап айтқанда Goldman Sachs мұнай бағасының өсуін күтуде. Олардың пікірінше, қара алтынның құны карантиндік шаралардан кейін сұраныстың артуына және мұнайды газ бағасының өсуін алмастыратын құрал ретінде пайдалануына байланысты қымбаттайды. Ағымдағы динамикаға байланысты сарапшылар жыл соңына баға болжамын барреліне 130 доллардан 125 долларға дейін түзетті", - деп қосты Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар, рецессия қаупі жағдайында ең пессимистік болжамдар барреліне 85 доллар деңгейінде қалып отыр.

Ұлттық банктің мәліметінше, тамызда теңге 1 пайызға қымбаттап, бір доллар 472,29 теңге болды. Теңгенің қалыпты нығаюына экспорттаушылардың тоқсан сайынғы салық төлемдерін шетел валютасына сатуы ықпал еткені атап өтілді. Валюта нарығына ішкі факторлар басым әсер етті.

Квазимемлекеттік сектор субъектілері екінші деңгейдегі банктер арқылы 469,5 миллион доллар сатты.

"Нарықтың теңгерімділігі аясында Ұлттық банк валюталық интервенцияларды жүргізген жоқ. Ұлттық қордан бюджетке трансфертті жүзеге асыру теңгелік түсімдермен қамтамасыз етілді, сондықтан Ұлттық қордың валюталық активтерін сату талап етілмеді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети