29 сәуір 2019 11:45

"Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін қыркүйекке дейін аяқтау қажет" - Үкімет

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында "Ауыл - Ел бесігі" жобасын іске асырудың тәсілдері мақұлданды, - деп хабарлайды Tengrrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 


ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында "Ауыл - Ел бесігі" жобасын іске асырудың тәсілдері мақұлданды, - деп хабарлайды Tengrrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Елбасы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" Жолдауында "Ауыл - Ел бесігі" жобасын жүзеге асыру арқылы ауылдардың әлеуметтік инфрақұрылымын жаңғырту міндетін қойды.

Перспективалық ауылдарды анықтау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек баяндады. Жоба ауылдағы тұрмыс жағдайын жақсартуға, ауыл аумақтарының әлеуметтік ортасын жаңғыртуға, оларды өңірлік стандарттарға дейін жеткізуге бағытталған.

2019 жылы облыстардың әкімдіктері 454 іс-шара өткізу жоспарланған аудан орталықтары қатарынан 52 ауылдық елді мекенді іріктеп алды. Таңдап алынған ауылдардың перспективалары, жобаларды іске асыру белгілері мен жоспарлары туралы Алматы облысының әкімі Аманбек Баталов, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов баяндады, бұл өңірлерде жобаларды жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландырудың жоғары көрсеткіштері белгіленген. Жобаны одан әрі іске асыру мәселелері бойынша "Nur Otan" партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ұсыныстарын жеткізді.  

ҚР Үкіметінің басшысы баяндамаларды тыңдағаннан кейін, 2025 жылға дейін "Ауыл - Ел бесігі" жобасымен 6,1 миллион тұрғыны бар 2 мыңға жуық елді мекен немесе барлық ауыл тұрғындарының 80 пайызы қамтылатынын атап өтті. Ауылдық елді мекендерді жаңғырту мақсатында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді көздейтін өңірлік стандарттар әзірленген.

"Кіші урбанизация - ауылдарды жаңғыртуға және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды", - деп Асқар Мамин, жобаны іске асырудың мақұлданған тәсілдерін тиімді орындауды, жобаны уақытылы қаржыландыру үшін тиісті нормативтік актілерді пысықтауды тапсырды.  

Әкімдіктер "Ауыл - Ел бесігі" жобасын жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыруды 20 пайыза дейін арттыру мүмкіндігін қарауы тіис, сонымен қатар, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауыл инфрақұрылымын жаңғыртуға қаражат тарту мәселесін ірі кәсіпорындармен бірлесіп пысықтап, туған ауылдарын көркейту бойынша меценаттармен жұмыс жүргізу қажет.

Бұдан өзге, әрбір өңірге "Жол картасын" жасау тапсырылды, онда іске асыру мерзімдері мен жауапты адамдар нақты көрсетілуі керек.

"Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін - мектептер, балабақшалар, денсаулық сақтау орындарын жөндеу, елді мекендердің ішіндегі жолдарды жөндеу жұмыстарын осы жылдың қыркүйегіне дейін аяқтау қажет", - деді ҚР премьер-министрі Асқар Мамин.


 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети