11 сәуір 2022 10:58

Әлеуметтік желіде белсенді әкімдер кім?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram-парақшаларынан алынған сурет Instagram-парақшаларынан алынған сурет

Шенеуніктер де әлеуметтік желіде парақша ашып, оқырмандарымен жұмыс барысын, жеке өмірін бөлісіп отырады. Tengrinews.kz тілшісі қай өңірдің әкімі Желіде белсенді екенін анықтап, шолу жасады. 


Шенеуніктер де әлеуметтік желіде парақша ашып, оқырмандарымен жұмыс барысын, жеке өмірін бөлісіп отырады. Tengrinews.kz тілшісі қай өңірдің әкімі Желіде белсенді екенін анықтап, шолу жасады. 

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаевтың Facebook-те (Ermek Marzhyqpaev) парақшасы бар. Онда 1 853 оқырманы бар. 2059 адамды достығына қабылдаған. Кейінгі жазбасын былтыр қарашада жариялаған.

Өңір әкімі Instagram-парақшасын (ermek_marzhyqpaev) әлдеқайда белсенді жүргізеді. Желідегі кейінгі жазбасында Степногорск жылу орталығының басшылығымен жиын өткізгенін айтқан. Әкім Instagram-парақшасында 1 978 жазба жариялаған, 44 мыңнан аса оқырманы бар. Өзі 482 парақшаға тіркелген.

Парақшасында оқырмандарымен жұмыс барысын бөлісіп отырады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ermek Marzhyqpaev (@ermek_marzhyqpaev)

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақаловтың (Qumar Aqsaqalov) Facebook-те 4 318 оқырманы бар.

Ал Instagram-да (qumaraqsaqalov) 25 мыңнан аса оқырманы бар. Онда 355 жазба жариялаған, өзі екі парақшаға тіркелген (primeministerkz, akordapress).

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Instagram-да omirzak.shokeev деген парақшамен тіркелген. Желіде әкімнің 6439 оқырманы бар. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ (@omirzak.shokeev)

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Facebook-ке тіркелген. Оның 1 540 оқырманы бар.

Жақында ғана тағайындалған Жамбыл облысы әкімі Нұржан Нұржігітовтің де Facebook-те парақшасы бар. Оның
2 149 оқырманы бар.

Жамбыл облысына жаңа әкім тағайындалды

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев та осы Желіге тіркелген. Әзірге 106 оқырманы бар.

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды

Әкім кейінгі жазбасында Қызылорда облысына әкім болып тағайындалғаны жөнінде жазған:

"Алаштың анасына баланған туған жерім Сыр елінің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуы жолында аянбай қызмет етіп, алған білімім мен жиған тәжірибемді ел игілігіне арнайтын боламын", - делінген жазбада.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Facebook, Instagram, Twitter Желілеріндегі парақшаларын белсенді жүргізеді. Facebook-те 4 999 оқырманы бар.

"Осы екі күн бойы Павлодар мен қала маңын аралап жүрмін. Кеше Дачный шағын ауданының тұрғындарымен кездестім. 1 маусымға дейін Қамзин көшесіндегі №350-354 үйлердің ауласын абаттандырамыз деп келістік", - делінген кейінгі жазбасында.

Instagram-дағы парақшасы - skakov_abylkair. Ол Желіге 183 жазба жариялаған, 31 мыңнан оқырманы бар. Өзі 
61 адамға тіркелген. Парақша 2020 жылы ақпанда ашылған.

"Сәлем, Instagram!

Instagram-да парақшамды ашуды жөн көрдім. Облыс әкімі ретінде аймақ жұртшылығын толғандыратын мәселелерді білгім келеді. Ұсыныс-тілектеріңізбен бөлісіңіз, мен ақпарат алмасуға қашанда дайынмын. Сондай-ақ, Facebook пен Twitter-де парақшаларым бар. Ол жерде де хабарласа аламыз", - деген ол Желіде.

Ал Twitter-ге 2020 жылы ақпанда тіркелген. Онда 40 оқырманы бар. Бұл Желідегі кейінгі жазбасы 2021 жылы 7 қарашада жарияланған.

Павлодар облысының әкімі stories-те күнделікті жұмыс барысын бөлісіп отырады. Кейінгі stories-терінің бірінде  автобуста отырғанын көрсетеді.

"Адамдарға толы 21-ші автобус келді. Соған қарамастан, автобусқа кірдім. ...Айтпақшы, ол жерде мен қолма-қол ақша төледім, бірақ билет алмадым", - деді ол.

 

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің Facebook-те парақшасы (Danial Akhmetov) бар.

Желіде 3 869 адамды достығына қабылдаған, жалпы 25 447 оқырманы бар.

Instagram-да danial.akhmetov.official деген парақшамен тіркелген. Онда 1 095 жазба жариялаған. 74 мыңнан аса оқырманы бар. Өзі 2 парақшаға тіркелген. Бірі - tokayev_online.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Danial Akhmetov (@danial.akhmetov.official)

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов (Altay Kulginov) Facebook-те 1 233 адамды достығына қабылдаған. Жалпы 26 796 оқырманы бар.

Өңір әкімдерінің Telegram-да арнасы жоқ екенін байқадық. Есесіне біздің Telegram-арнамыз бар - тіркеліңіздер

Еске салайық, бұған дейін қай министр Желідегі парақшасын белсенді жүргізетініне шолу жасаған болатынбыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети