16 мамыр 2017 | 13:35

"Алғабас" тұрғындары тағы бір көпқабатты үйдің қисайғанын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мамандар Алматыдағы "Алғабас" ықшамауданындағы № 155-156 үйлерді тексеріп жатыр, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Мамандар Алматыдағы "Алғабас" ықшамауданындағы № 155-156 үйлерді тексеріп жатыр, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, сәуірде жауған жауыннан соң онсыз да іргетасы сыр берген №156 үйдің үстіңгі қабаты қисая бастаған.

Баспаналарының қабырғасы күн санап жантайғанын байқаған тұрғындар қауіпті үйден көшіруді талап етіп отыр.

"Үйдің жағдайы отырғанда кәдімгідей біреу қозғап тұрған сияқты сықыр-сықыр етеді. Есіктер ән салады. Асханамның есігін сықырлай бергесін алып тастадым", - дейді тұрғын Жаныс Меңдібаев.

Телеарнаның мәліметінше, дабыл қаққан жұрттың жан айғайын жергілікті әкімдік естіген. Бірақ, атқамінерлер үйді апатты деуден аулақпыз дейді. Өйткені, баспананың 40 сантиметрге ауытқығаны ел арасындағы жаңсақ пікір көрінеді.

"Біреулер арасында сол тұрғындардың өтірік айтқан. 40 сантиметр кетіп қалды, сендердің үй қауіпті деп. Соны біреу жіберіп, елдер үркіп қалды", - дейді Алатау ауданының әкімі Бағдат Мәнізоров.

Мемлекеттік бағдарламамен салынған үй осыдан 3 жыл бұрын қолданысқа берілген. Көппен бірге қуанып, қоныс тойын тойлағандардың бірі Айнұр Қобыланды. Медицина қызметкері бұл пәтерге ұзақ жыл кезекке тұрып қол жеткізген. Сол қуанышы енді көпке созылмайтын түрі бар. Қазір Айнұр тұрған үй аутқығаны өз алдына, қабырғаларына да жарық түсіп, сыртқы сылақтар сөгіле бастаған. 

"Біз түнімен ұйықтамаймыз, түнде қорқамыз ұйықтауға. Өйткені, кім біледі Қарағандыдағыдай жағдай болып қалса біз үлгеріп шыға алмаймыз", - дейді тұрғын Айнұр Қобыланды.

"Техникалар жерді ойып сыбай қағады. Сол кезде трещина береді. "Осындай қорқамыз, қауіпті" деп жатыр. Сол жөнінде мен қазір қалаға бара жатырмын, хатымызды дайындадық. Қазір қалада жиналамыз, ҚазНИИСА дейміз, ГАСК дейміз. Мұның қаншалықты қауіпті, қауіпсіз екенін шешеміз", - деді Алатау ауданының әкімі Бағдат Мәнізоров.

Еске сала кетейік, былтыр маусым айында Алматыда жаңадан салынған үйдің тұрғындары түнде эвакуацияланған болатын. ТЖ Алатау ауданындағы Алғабас ықшамауданында (Момышұлы және Ақын Сара көшелерінің қиылысы) болды. Тұрғындардың айтуынша, толастап жауған жаңбырдан үйдің жертөлесіне су толып қалған еді. Ал кейінірек Алғабас ықшамауданындағы қисайған үйдің тұрғындарына жаңа көпқабатты үй салынатыны хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети