10 сәуір 2024 09:47

"Алғысымыз шексіз". Қырғыз елі жіберген гуманитарлық көмек Оралға жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Даламызды су басып, төтенше жағдай туындаған шақта алғашқы болып көмек қолын қырғыз бауырлар созды.


Даламызды су басып, төтенше жағдай туындаған шақта алғашқы болып көмек қолын қырғыз бауырлар созды.

Сәуірдің 6-ы күні Қырғызстаннан шыққан 15 көлік Атырау, Ақтөбе, Қостанай және біздің өңірге бөлінді. Сәуірдің 9-ы күні гуманитарлық көмек тиелген 4 жүк көлігі Орал қаласына келіп тоқтады.

Туыс ел басына күн туғанда жайбырақат жата алмаған айыр қалпақты ағайынды көппен бірге қарсы алған облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов 3000 шақырымнан астам жолды артқа тастап, қырғыз елінің аманатын жеткізген ағайынға алғысын білдірді.

"Алғашқы болып көмек қолын созған көршілес Қырғыз елінен халықаралық гуманитарлық көмек Ақжайық өңіріне жетті. Қиын кезде қолұшын созған ағайынның бұл жақсылығын қазақ елі еш уақытта ұмытпайды. Ғасырлар бойғы екі ел арасындағы бауырластық нығая түсті деп санаймын. Алты Алаштың ұлдары бауырластығын әлемге тағы бір мәрте паш етті. Тіліміз бір, діліміз бір, дініміз бір қырғыз ағайынға қазақ елі атынан айтар алғысымыз шексіз", - деді Б. Нарымбетов.

Одан соң Бақытжан Хаберұлы Қырғыз көшін бастап келген Замирбек Нарчаевқа "Қырғыз еліне Батыс Қазақстан халқының атынан мың алғыс" деген жазуы бар домбыраны сыйға тартты.

Бауырлас ел аманатын Оралға жеткізген Қырғыз Республикасы төтенше жағдай министрлігінің подполковнигі Замирбек Нарчаевтың айтуынша, қазақ басына қиындық түскенін естіген бойда қырғыз елі жұдырықтай жұмылып, гуманитарлық аз ғана уақыт ішінде көмек жинап тастаған.

"Президентіміздің тапсырмасы бойынша Қырғызстан елінен Қазақстанға азық-түлік, төсек-көрпе, керует, сусын, тұрмысқа қажетті заттар жеткіздік. Қазақ-қырғыз бір туған. Қиын жағдайға тап болған қазақ жұртына жалпы 300 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді. Батыс Қазақстанға 80 тоннасы бөлінді", - деді Замирбек Нарчаев.

Сын сағатта қолдауын білдірген көрші ел жүгін жеткізген азаматтарға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан да ел алғысын жеткізіп, қазақ елінің ризашылығын білдірді.

"Ағайынның қамқорлығын басыңа іс түскенде білерсің,-дейді. Өзгеден бұрын көмек қолын созған ағайынға разымыз.Бұл жай ғана көмек емес достығымыздың нығайып, ағайындығымыздың беки түскенінің көрінісі. Болашақта да екі ел арасына сызат түспесін , - деді А.Құспан.

Одан соң ақсақал Қанат Оразғалиев көмекті жеткізген жандарға ақ батасын берді.

Жамбыл облысы әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети