11 наурыз 2021 17:49

Алиджан Ибрагимовтың ұлы ERG менеджерлер кеңесінің құрамына кірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шухрат Ибрагимов Шухрат Ибрагимов

Шухрат Ибрагимов ERG менеджерлер кеңесінің құрамына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шухрат Ибрагимов ERG менеджерлер кеңесінің құрамына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Eurasian Resources Group ("ERG") бүгін Шухрат Ибрагимов Менеджерлер кеңесіне тағайындалғанын жариялады: шешім 2021 жылы наурыздың 3-і күшіне енді. Шухрат Ибрагимов сонымен қатар менеджерлер кеңесі жанындағы Аудит жөніндегі комитет, Сыйақылар жөніндегі комитет пен Бірігу мен жұтылу жөніндегі комиттердің құрамына кірді.

Осылайша, биыл ақпанда қайтыс болған ERG негізін қалаушылардың бірі - Алиджан Ибрагимовтың менеджерлер кеңесіндегі орнын ұлы Шухрат Ибрагимов басып отыр.

Менеджерлер кеңесіне тағайындалғанға дейін Шухрат Алиджанұлы алты жыл бойы ERG-дің бизнесті дамыту жөніндегі департаментіне жетекшілік еткен. Ол бүгінде кобальт өндірісінің көлемі бойынша әлемде екінші, ал мыс өндіру бойынша ең ірі өндірушілер қатарына енген Metalkol RTR, ERG-дің Бразилиядағы кіріктірлген темір кені мен логистикалық BAMIN жобасы сынды бірқатар ауқымды халықаралық бастамаларды әзірлеп, іске қосуға үлес қосқан.

"Мен бірнеше жыл ERG-дегі жетекші лауазымдарда қызмет еттім. Сонда жинақтаған тәжірибе мен әкемнің өнегесіне арқа сүйеп, топ пен оның стейкхолдерлерінің кең ауқымына барынша пайдалы болармын деген үміттемін", - деді Шухрат Ибрагимов.

Шухрат Ибрагимов Орта Азиядағы ең ірі алтын өндіруші кәсіпорындардың бірі - "Альянс Алтын"-ның атқарушы емес директоры. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының көшбасшыларының бірі - "Евразия" сақтандыру компаниясы мен әлеуметтік маңызды қаржы институты саналатын Еуразиялық банк директорлары кеңесінің мүшесі. Одан бөлек, Түркиямен іскерлік байланыстарды нығайту мақсатында құрылған "YABİAD" - халықаралық инвесторлар қоғамдастығы мен шетелдік инвесторлар кеңесінің вице-президенті.

Шухрат Ибрагимов бірқатар қайырымдылық шараларына да қатысады. Атап айтқанда, Африка мен Азия тұрғындарының суға қолжетімдігі мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздеген ұлыбританиялық "I am part of" қайырымдылық ұйымы қомқоршыларының кеңесіне жетекшілік етеді. Сонымен қатар, халықаралық Азия кинофестивалі кеңесіне жетекшілік етіп, әлемнің түрлі еліндегі бірқатар мәдени жобаға қолдау көрсетіп келеді.

Шухрат Ибрагимов Лондондағы Еуропа бизнес мектебін және Бейжіңдегі тіл мен мәдениет университетін тәмамдаған. Ағылшын, орыс, француз және түрік тілдерінде еркін сөйлейді, және қытай тілін жұмысқа қажетті келемді біледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети