29 қаңтар 2014 14:55

Әлиевтің бизнестегі бұрынғы серіктесі сотта жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алтынбек Сәрсенбаев. ©Rus.azattyq.org Алтынбек Сәрсенбаев. ©Rus.azattyq.org

Алтынбек Сәрсенбаевтың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысында Рахат Әлиевтің бизнестегі серіктесі жауап берді деп хабарлайды Tengrinews.kz. Кезінде Сәрсенбаевты өлтіруге тапсырыс берді деген айыппен сотталған Ержан Өтембаевтың ісі Алматы облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот ғимаратында өтіп жатыр. Әлиевтің бизнестегі серіктесі Амангелді Мақашевпен сотта Skype арқылы байланыс жасалды. Ол Астанада емделіп жатыр екен. Мақашев Сәрсенбаевты өлтіргені үшін сотталған Рустам Ибрагимовпен таныс болғанын айтты. 2005 жылы ол Алматыға келіп, құқық қорғау органдарындағы жұмысынан шығарылған Ибрагимовпен көшеде кездейсоқ жолығысады. Ибрагимов оған бизнеспен айналысып жүргенін айтады, сонымен бірге, сөз арасында Ержан Өтембаевтың Сәрсенбаевқа шабуыл жасауды тапсырғанын да айтып қалады. Келесі күні Мақашев Рахат Әлиевке қоңырау шалады да, кездесуге уағдаласады. Әлиев өз күзетімен бірге серіктесінің ата-анасының үйіндегі моншаға түсуге келеді. Сол кезде Мақашев оған Ибрагимовпен болған әңгімені, Өтембаев пен Сәрсенбаевтың арасындағы нашар қатынас жайлы айтып береді. Мақашевтің айтуынша, Әлиев бұл ақпаратқа таңғалып күледі де, Ибрагимов жайлы аз-маз сұрақ қойған соң кетіп қалады. Бір күннен соң Әлиев Мақашевқа қоңырау шалып, Ибрагимов жайлы сұрай бастайды. Содан кейін бұған ол адам туралы Әлнұр Мұсаевқа баяндауды сұрайды. Бұдан соң Мақашевқа бірден Мұсаев хабарласып, Ибрагимовпен кездескісі келетінін айтады. Куәгердің айтуынша, Мұсаев бұған келіп, Ибрагимовтің мекенжайын алады да кетіп қалады. Мақашев бұдан соң Әлиевпен де, Мұсаевпен де әңгімелеспегенін айтып отыр. Сәрсенбаев қайтыс болған кезде бұл Мароккода болған. Қылмыс жайлы бұқаралық ақпарат құралдарынан білген. Бұған дейін осы сот процесі кезінде киллер Рустам Ибрагимовтің жауап бергені хабарланған еді. Ол кісі өлтіруге тапсырыс берген Әлиевпен және Мұсаевпен жақсы байланыста болғанын, ал Өтембаевпен Сәрсенбаевты өлтіру жайлы мүлдем талқыламағанын айтты. Парламент Сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев Сәрсенбаевты өлтіруге тапсырыс бергені үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Бірақ осы іске байланысты жаңа мәліметтер пайда болғалы бері оның ісі қайта қаралып жатыр. Өтембаевтың түрмеде отырғанына сегіз жыл болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети