11 қаңтар 2022 11:21

Әлихан Смайылов премьер-министр қызметіне тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Әлихан Смайылов премьер-министр қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлихан Смайылов премьер-министр қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

"Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының премьер-министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген Жарлықта.

Еске салайық, 5 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберу туралы Жарлыққа қол қойды. Әлихан Смайылов премьер-министрдің міндетін атқарушы болып тағайындалған еді. 

Айта кетейік, Әлихан Смайылов 2015 жылдан бері Мемлекет басшысының көмекшісі қызметін атқарған болатын. Оған дейін 2009-2014 жылдар аралығында Қазақстан Статистика агенттігінің төрағасы болды. Осы күнге дейін екі рет қаржы министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ал 2019 жылы Үкімет отставкаға кеткенге дейін қаржы министрі болды. 2019 жылы 25 ақпаннан бастап премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі қызметіне мақұлданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети