21 желтоқсан 2022 10:23

Алимент төлемей жүрген 11 адам қамалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысы Алакөл ауданында мемлекет пайдасына және алимент берешектері бар борышкерлер әкімшілік қамаққа алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алакөл аудандық прокуратурасына сілтеме жасап.


Жетісу облысы Алакөл ауданында мемлекет пайдасына және алимент берешектері бар борышкерлер әкімшілік қамаққа алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алакөл аудандық прокуратурасына сілтеме жасап.

Атқарушылық өндірісті жүзеге асыратын органдардың басым бағыттарының бірі бюджетті толтыру арқылы мемлекеттің экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету. Сонымен қатар, алимент берешектерінен өндірілетін сомалар бойынша жұмыстарды жандандырып, атқарушылық заңнамада көзделген барлық атқарушылық әрекеттерді қолдану арқылы сот актілерінің нақты орындалуына қол жеткізу қазіргі уақытта өзекті мәселе болып табылады.

Осыған орай, аталған бағыттарда аудан прокуратурасымен мемлекеттің экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету және кәмелеттік жасқа толмаған балалардың құқықтарын қорғау мақсатында жеке сот орындаушының өңдірісіндегі атқарушылық істердің орындалу заңдылығына талдау жұмыстарын жүргізіп, 82 құжат бойынша ұзақ уақыт бойы борышкерлер мемлекет пайдасына және алимент төлемдерін төлеуден жалтарып жүргендері анықталды.

Алакөл аудандық прокуратурасымен алимент төлеу бойынша сот актісін орындамағанына байланысты ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды.

Нәтижесінде ұзақ уақыт бойы алимент төлеу бойынша сот актісін орындамай жүрген борышкер аталған бап бойынша әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазасын өтеді.

Сонымен қатар, аудан прокуратурасымен ұзақ уақыт бойы алимент және мемлекет пайдасына берешегі бар тұлғалар бойынша атқарушылық істердің орындалуына талдау жұмыстары жүргізіліп, 81 борышкерді әкімшілік жазаға тартуды қарастыру жұмыстарын жүргізу бойынша қадағалау актісі енгізіліп, нәтижесімен 11 борышкер, ӘҚБтК-нің 669-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әкімшілік қамаққа алынды.

Сондай-ақ, аудан прокуратурасының атқарылған жұмыс нәтижесімен 5 атқарушылық іс бойынша қарыз берешектері толығымен өңдіріліп, қазіргі уақытта атқарушылық өңдірістер қысқартылған, 18 алимент өңдіру атқарушылық құжаттар бойынша борышкерлер өз еркімен міндетті төлемдерін өтеуде.

Аталған бағытта жұмыстар жүргізілуде және аудан прокурорының қатаң бақылауында деп, - Алакөл ауданы прокурорының орынбасары Қуаныш Жарсабекұлы Нұрсаметов хабарлайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети