Әлия Рақышева Президент кеңесшісі болды 23 қазан 2019, 16:13

Мемлекет басшысының Өкімімен Әлия Рақышева Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Әлия Ғалымжанқызы Рақышева Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды", - делінген Өкімде.
Осыған дейін, Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлия Рақышева басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылғаны айтылған.