Алматы әкімдігі картоп бағасының қымбаттауына ненің себеп болғанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігі картоп бағасының қымбаттауына ненің себеп болғанын түсіндірді © Tengrinews.kz

Қазақстан бойынша картоп бағасының өсуіне екі себеп бар - астық өнімділігінің төмен болуы және шетелден сұраныстың болуы. Бұл туралы қалалық ауыл шаруашылығы және мал дәрігерлік басқармасының Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға берген жауабында айтылады.

"Биыл былтырмен салыстырғанда астық өнімділігінің төмен көрсеткіші байқалады. Оған қолайсыз ауа райы себеп болды: көктемде жауын-шашынның көп мөлшерде түсуі және күзде үсіктің жүруі", - деп түсіндірді басқармадағылар.

Сондай-ақ, ведомстводағылар қызметкерлердің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне күнделікті бақылау жүргізетінін айтып өтті.

"Осы аптада Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді. Онда картоп 110 теңгеден бастап сатылатын болады", - деді ауыл шаруашылығы басқармасындағылар.

Еске сала кетейік, кеше Алматыда картоп бағасы күннен-күнге өсіп жатқаны хабарланған болатын. "Картоп аз. Сондықтан бағасы да өсіп жатыр. (...) Қазір Ресейден картоп әкелініп жатқан жоқ, тек қазақстандық картоп сатылып жатыр", - деген еді қаладағы базарлардың бірінің сатушысы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети