11 қазан 2017 14:38

Картоп күніне 10 теңгеге қымбаттап жатыр - Алматы базарындағы сатушылар

ПОДЕЛИТЬСЯ

©  pexels.com © pexels.com

Алматыда картоп бағасы күннен-күнге өсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда картоп бағасы күннен-күнге өсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы "Сары-Арқа" базарында 11 қазанда картоп бағасы 150-170 теңге аралығында сатылып жатыр. Сондай-ақ, картоптың бағасы оның қай жақтан әкелінгеніне байланысты екен. Сатушылардың айтуынша, картоптың барлығы дерлік - қазақстандық.


"Сары-Арқа" базары. © Tengrinews.kz

"Міне, қараңыздар, кеше картопты 160 теңгеден сатып жатты, ал бүгін 170 теңге деп қойыпты. Айырмашылық бар ма? Күннен-күнге қымбаттап жатыр. Өткен аптада 120 теңге болды. Ал қазір 50 теңгеге қымбаттады", - деді сатушылардың бірі.

Ал кейбір тұрғындар картопты "Алтын Орда" базарынан 135-140 теңгеге сатып алатындарын айтады.

"Олар бағаны күнде өсіреді. 5-10 теңгеге", - деді тағы бір алматылық.

Сатушылардың көбі картоп бағасының қымбаттауын биыл өнімнің нашар жиналуымен байланыстырып отыр.

"Картоп аз. Сондықтан бағасы да өсіп жатыр. (...) Қазір Ресейден картоп әкелініп жатқан жоқ, тек қазақстандық картоп сатылып жатыр", - деді сатушылардың бірі.

"Қазір картоп 150 теңгеден, бірақ сенбі, жексенбіге дейін 180-200 теңге болады. Картоп аз, бензин да қымбаттап жатыр, доллар да өсті. Картоп бағасы Жаңа жылға дейін 300 теңге болады. Көктемге қарай 500-600 теңге болып қалады. Мүмкіндік болса, алдын ала сатып алып қою керек", - деп кеңес берді тағы бір сатушы.

Айта кетейік, картоптың ең төмен бағасы "Магнум" дүкендер желісінде тіркелді. Бүгінде онда картоп бағасы - 139 теңге.


© Tengrinews.kz

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети