Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары "Нұр Отан" партиясына жұмысқа тұрды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары "Нұр Отан" партиясына жұмысқа тұрды Зәуреш Аманжолова. © Тengrinews.kz

Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Зәуреш Аманжолова "Нұр Отан" партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Зәуреш Аманжолова "Нұр Отан" партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кадрлық тағайындау отырыс барысында бір ауыздан қабылданды. Айта кетейік, Аманжолова партияның қалалық филиалын басқаруға тағайындалған алғаш әйел болып отыр. Ол Кенжехан Матыжановтың орнына келді, ал ол қалалық діни істер бойынша басқармаға басшы болып тағайындалды.

Айта кетейік, Алматы әкімі Бауыржан Байбек Аманжолованы жаңа қызметімен құттықтап, әйелдердің еліміздегі қоғамдық және саяси өмірде рольдерінің артып келе жатқанын атап өтті.

Еске сала кетейік, осы айда Алматы әкімінің үш орынбасары қызметінен кетті, олардың арасында Зәуреш Аманжолова болды. Ол әкімдікте ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім, балалардың құқықтарын қорғау, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру мен спорт, жастар саясаты, ұлттық мәдени орталықтардың мәселелерін үйлестірді. Сонымен қатар, ұлтаралық қатынастар мен ақпарат саласында орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың келісімді қызмет етуін қамтамасыз етумен айналысты. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети