16 қазан 2015 09:31

Алматы әкімінің бірден үш орынбасары қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Юрий Ильин © yvision.kz Юрий Ильин © yvision.kz

Алматы әкімінің бірден үш орынбасары қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімінің бірден үш орынбасары қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызметтерінен кеткендер: Юрий Ильин, Зәуреш Аманжолова мен Мұрат Құдышев. 

Юрий Ильин қаланың әлеуметтік бағдарламалар, тұрғындарды жұмыспен қамту, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, қаланың азаматтық қорғаныс, жолаушылар мен жүкті автомобильмен, электр көлігімен, таксимен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, Алматы қаласындағы метрополитеннің қызмет ететін желілерін пайдалану, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу, оның ішінде арнайы құрылған әкімдіктердің жанындағы ведомствоаралық комиссиялар арқылы жергілікті деңгейде құқық бұзушылықтардың алдын алу субъектілерінің өзара іс-әрекетін ұйымдастыру бойынша мәселелерді үйлестірді.

Ал Зәуреш Аманжолова ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім, балалардың құқықтарын қорғау, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру мен спорт, жастар саясаты, ұлттық мәдени орталықтардың мәселелерін үйлестірді. Ол ұлтаралық қатынастар мен ақпарат саласында орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың келісімді қызмет етуін қамтамасыз етумен айналысты. 

Мұрат Құдышев экономика, бюджеттік саясат, қаржы құралдары, қаланың коммуналдық меншігі, мемлекеттік сатып алу, туризмді дамыту мәселелерін үйлестірді. Экономика, бюджеттік саясат және қаржы құралдарын дамыту саласында орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің келісімді қызмет етуін қамтамасыз етті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети