Алматы автобустарында жол жүру ақысы 2015 жылдың соңына дейін қымбаттамайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы автобустарында жол жүру ақысы 2015 жылдың соңына дейін қымбаттамайды © Tengrinews.kz

Алматы автобустарында жол жүру ақысы 2015 жылдың соңына дейін қымбаттамайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы баспасөз мәслихатында жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Ерлан Әділов мәлімдеді. Қазіргі уақытта Алматыда барлық қоғамдық көлікте жол жүру құны 80 теңге болып белгіленген. Мектеп оқушыларына, студенттерге, зейнеткерлер мен өзге жеңілдігі бар категорияларға жеңілдіктер қарастырылған. 70 жастан асқандар мен ардагерлерге тегін. 

Шенеуніктің айтуынша, жол жүру құнының бағасын көтеру мәселесі тек үш жылда бір рет қаралады екен. Алайда жеке көлік компанияларынан ұсыныстар әлі де келіп түспеген. "Біз бұл мәселені жыл соңына дейін көтермеу туралы мақсат қойып отырмыз", - деді Әділов. Оның айтуынша, Алматыда автобустар негізінде дизель отыны мен газды қолданады, ал бұл отын түрлері әзірше қымбаттаған жоқ.

Еске салайық, Алматыда соңғы рет жол жүру құны 2012 жылы қымбаттаған болатын. Тарифтің көтерілуіне жанар-жағармайдың қымбаттауы, техникалық бөлшектері, сонымен қатар, атвопарк жұмысшыларының жалақы мөлшерін көбейту себеп болды делінді. Қазақстанның заңнамасына сәйкес, тасымалдаушылар өз қызметтерінің ақысын тек үш жылда бір рет көтере алады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети