Алматы метросының экс-директоры Мұрат Өкшебаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы метросының экс-директоры Мұрат Өкшебаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды Мұрат Өкшебаев. © Роза Есенқұлова

Алматы метросының экс-директоры Мұрат Өкшебаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Медеу аудандық сотындағылар хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы метросының экс-директоры Мұрат Өкшебаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Медеу аудандық сотындағылар хабарлады.

"Қаулы 12 қыркүйекте шықты. Өкшебаевты қамауды ұстау мерзімі 14 қазанға дейін ұзартылды, яғни тағы бір айға", - деді соттағылар. Олардың айтуына қарағанда, Өкшебаевқа "Сеніп тасырылған бөтен мүлікті иеленіп алды немесе ысырап етті" деген айып тағылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы метросының экс-директоры Өкшебаевтың ұсталғаны хабарланған болатын. Кейін ол ақша жымқырды деген күдікпен 2 айға қамалды.

Айта кетейік, 2009 жылы Өкшебаев 120 миллион теңгені мақсатсыз жұмсағаны үшін әріптестерімен бірге үй қамауына алынған болатын. Алайда кейін Өкшебаев босатылып, жұмысына оралды. Соңғы кездері ол қала мәслихатының депутаты болып қызмет етті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети