Алматы метросының экс-директоры ақша жымқырды деген күдікпен 2 айға қамалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Мұрат Өкшебаев. © zaleskiy.com Мұрат Өкшебаев. © zaleskiy.com

"Метрополитен" КМК экс-директоры Мұрат Өкшебаев екі айға қамауға алынды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Метрополитен" КМК экс-директоры Мұрат Өкшебаев екі айға қамауға алынды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

"Өкшебаевты қамауға алу туралы санкцияны Медеу аудандық соты 24 шілдеде шығарды. Адвокат ол қаулыға шағым түсірді. Күдікті Өкшебаев уақытша тергеу изоляторында отыр", - деді соттағылар. Олардың мәлімдеуінше, Өкшебаевқа қатысты ірі көлемде ақша жымқырды деген күдік пайда болды.

Еске сала кетейік, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Метрополитен" КМК экс-директоры, Алматы мәслихатының депутаты Мұрат Өкшебаевты өткен аптада ұстады. Алайда бұл кеше, 28 шілде күні ғана белгілі болды. Айта кетейік, 2009 жылы Өкшебаев 120 миллион теңгені мақсатсыз жұмсағаны үшін әріптестерімен бірге үй қамауына алынған болатын. Алайда кейін Өкшебаев босатылып, жұмысына оралды. Соңғы кездері ол қала мәслихатының депутаты болып қызмет етті.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.1  course up  590.94  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer