Алматы облысында екі аудан әкімі ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында екі аудан әкімі ауысты

Алматы облысы әкімінің бұйрығымен Қаратал және Ескелді аудандарының әкімдері тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы облысы әкімінің бұйрығымен Қаратал және Ескелді аудандарының әкімдері тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қаратал ауданына Президент Әкімшілігінің келісімімен және мәслихат депутаттарының қолдауымен Қайрат Найманбайұлы Бұлдыбаев тағайындалды. Бұрын ол Талдықорған қалалық мәслихатының хатшысы қызметін атқарған.


Қайрат Бұлдыбаев

Рауан Рақымбеков Ескелді ауданының әкімі болып тағайындалды. 


Рауан Рақымбеков

"Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Біз тапсырма алдық, бізге жауапкершілік жүктелді және артқан сенімді ақтауымыз керек. Ең алдымен біз елдің әлеуметтік саясатын іске асыруды қамтамасыз етуге тиіспіз. Инвесторлармен жұмыс істеу және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Бүгінгі кадрлық өзгерістер өңірлерде кездейсоқ емес. Ескелді және Қаратал аудандары аграрлық аймақтар болып табылады. Сіздердің алдыңызда егіннің сапасын жақсарту және ауыл шаруашылығын жаңғырту міндеті тұр", - деді облыс әкімі Амандық Баталов.

Сонымен қатар, аймақ басшысы Ескелді ауданының бұрынғы әкімі Бағлан Таңекенов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы лауазымына тағайындалғанын атап өтті.

Читайте также

Валюта бағамы

 486.16   555.05   6.51 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +27
Астана +25
Ақтау +25
Ақтөбе +22
Атырау +27
Б
Балқаш +24
Ж
Жезқазған +23
Қ
Қарағанды +21
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +26
Қызылорда +29
П
Павлодар +21
Петропавл +28
С
Семей +32
Т
Талдықорған +27
Тараз +28
Түркістан +22
О
Орал +25
Ө
Өскемен +26
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер